Елордада балаларға теле және кино өнерінің қыр-сырын үйрететін болады
31.08.2021
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Е. Каналимов "Nur Otan" партиясының елордалық филиалында кезекті азаматтарды қабылдады. Оған 12 адам жазылып, мәселелердің көпшілігі жедел түрде шешілді, қалған өтініштердің орындалуы жеке бақылауға алынды.
Елорда тұрғыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Құдайберген Тұрсын журналистика, дикторлық және фото, бейне операторлық шеберлікті үйрететін балалар үйірмесінің ашылуына көмек көрсетуді сұрады.
"Бұл мәселені жақын арада қарастырамыз және жуық арада жас қала тұрғындары телевизиялық және киномастерлік қыр-сырын ұғына алады деп үміттенемін", - деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов. Мәслихат хатшысының келесі қабылдауы партияның елордалық филиалында 25 қарашада өтеді. Қабылдауға 36-19-45 телефоны арқылы жазылуға болады.