Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
30.08.2021
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі - Конституция күнімен құттықтайды!
Бұл біздің көпұлтты Қазақстанның барлық азаматтары үшін ерекше мереке.
Тұрақтылық пен дамудың, жалпыұлттық құндылықтардың, тарихи және мәдени мұраның сақталуының, әрбір адамның өзін-өзі таныту құқығының, болашаққа деген сенім мен игіліктің кепілі - Ата Заңымыздың қабылданғанына 26 жыл толды.
Тәуелсіз Қазақстанда жыл сайын оң өзгерістер көп болсын! Қазақстан Республикасының Конституциясы бейбіт өмір және әрбір отбасының амандығын қамтамасыз ете берсін!
Әр шаңыраққа құт-береке, мықты денсаулық, алға қойған мақсаттарыңызды іске асыруда табыс тілеймін!