Елордада 2 жыл ішінде 300 көшенің қатынасы жөнделеді
26.08.2021
"Жол картасы" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін елордада 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, ал екі жыл ішінде қалпына келтірілген көше саны 300-ге жетеді. Тұрғын алаптары да соның ішіне кіреді.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен бірге партия мүшелерінің сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енген бірқатар көше құрылысының барысымен танысты. 2021 жылы барлығы 109 көше салынады және жөнделеді. Оның 59-ы тұрғын үй алаптарында.
Көктал-1 елді мекенінде -17 көше, Өндіріс елді мекенінде - 9 көше, Агрогородок елді мекенінде - 8 көше, Кирпичный, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс, Шұбар және басқа да көшелер жол жұмыстарымен қамтылды. Әкіммен бірге №27 көшенің құрылысына (Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде) барып қайтты. Осы учаскеде ағымдағы жылы ұзындығы 3 км 8 жолақты қозғалысты магистралды көшенің құрылысы аяқталады.Болашақта Айтматов көшесінің құрылысы аяқталғаннан кейін (Е10 көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін) Тұран даңғылының (Сарайшық көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін), Мұхамедханов көшесінің (Тұран даңғылынан Айтматов көшесіне дейін), Е10 көшесінің (Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін) жүктемесін азайту мүмкін болады.
Сурет: Александр Куприенко