2021-2023 жылдарға аралған қала бюджетін талқылау бойынша кезектен тыс сессия
25.08.2021
Қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен қалалық малихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессия жұмысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев, елорда аудандарының әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Манқараев «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №553/77-VI Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» негізгі мәселе бойынша баяндап берді.
Меншікті кірістердің іс-жүзіндегі жиналымы талдауын ескере отырып, 2021 жылға арналған жоспарды 45750 млн. теңгеге ұлғайту жағына қайта қарау ұсынылады.
Қаражаттың негізгі үлесі әлеуметтік мұқтаждықтарға бағытталатын болады. Мәселен, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қосымша 1 млрд. 206,9 млн. теңге, оның ішінде «Ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметтер» 006 бағдарламасы бойынша қосымша 5,7 млн. теңге, «Республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» 041 бағдарламасы бойынша 188,4 млн. теңге көзделген.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қосымша 1 052,7 млн. теңге, оның ішінде жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке 409,5 млн. теңге қарастырылған.
Білім басқармасына қосымша 9 млрд. 053,0 млн. теңге, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге - 2 млрд. 251,6 млн. теңге, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге - 1 млрд. 933,0 теңге сомасында қаражат көзделген.
Дене шынықтыру және спорт басқармасына қосымша 1 млрд.425,4 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қосымша 8 млрд.192,1 млн. теңге бөлінді,оның ішінде көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша 3 млрд. 031,7 млн. теңге, әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 2,0 млрд. теңге көзделген.
Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына қосымша 3 млрд.632,2 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 50,0 млн. теңге, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 550,0 млн. теңге, жылу - энергетикалық жүйені дамытуға - 1 млрд. 505,8 млн. теңге.
Құрылыс басқармасына 6 млрд.340,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде қаланы абаттандыруды дамытуға - 14,0 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға 663,8 млн. теңге бөлінді.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына 2 млрд.526,2 млн. теңге, «Авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу» 004 бағдарламасы бойынша - 68,0 млн. теңге, әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге - 800,0 млн. теңге көзделген.
Полиция департаментіне қосымша 577,4 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бюджеттің тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында белсенді талқыланғанын атап өтті. Депутаттарда бюджеттің кейбір тармақтарына қатысты көптеген сұрақтар туындады, қала әкімінің орынбасары Асқар Амринмен әңгіме болды, нәтижесінде отырысқа қатысушылар ортақ пікірге келді.
Сондай-ақ, депутат Владислав Сергеев қатысушыларға бюджетті талқылауға қатысты сындарлы диалог болғанын айтты, алайда депутаттарда Жол картасының тармақтары бойынша нақты түсініктің жоқтығына, бұл тармақтардың қаржылық тұрғыдан қаншалықты қолдау тапқанына өкініш білдірді. Депутаттардың наразылығы қаланың шет аймақтарын, Железнодорожный, учхоз, Интернациональный тұрғын алаптарын абаттандыру бойынша түсініксіздіктермен байланысты.
Қала әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі, ол қатысушыларды келе жатқан мереке – Конституция күнімен құттықтап, кезектен тыс сессиядан кейін педагогикалық қызметкерлердің қалалық тамыз конференциясына қатысатынын атап өтті.
Ол Елбасының идеяларын жүзеге асыратын ерекше міндет бойынша жұмыс істейтін елорда әкімдігі мен мәслихаты миссиясының маңыздылығын атап өтті. Қазір пандемия кезінде елорда тұрғындарының денсаулығын сақтау маңызды, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалуына байланысты жағдай қиындай түсуде.
Сондай-ақ, ол елорданың мемлекеттік органдары жұмысының жетістігі әлеуметтік міндеттерді шешу, қалада сапалы орта құру бойынша орталық мемлекеттік органдармен және ҚР Парламентімен өзара іс-қимылға байланысты екенін айтты.
Сөз сөйлеу барысында қала әкімі қаланың маңызды міндеттерін шешуге бағытталған Nur Otan партиясының Жол картасына көңіл бөлді. 10 жыл ішінде елорда халқының саны екі есе өскен, болжам бойынша халық саны 2 миллионға дейін артады, бұл әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме түсіреді. Жүйелі міндеттер шешілуде, қала тұрғындары тұрғын үй құрылысының қарқынды өсуінің куәсі болып отыр, егер 2020 жылы 3 млн. шаршы метр пайдалануға берілсе, 2021 жылы 3 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарлануда. Бұл тұрақты жұмыс орындары, бұл қала экономикасының артуы, бұл жылумен, сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жөніндегі ілеспе мәселелер.
Тұрғындардың көбеюіне байланысты мектептер мен балабақшалар саны артады. Барлығын бюджет есебінен салу жөнсіз, сондықтан соңғы уақытта жобалардың бір бөлігі жеке инвестициялар есебінен іске асырылуда.
Бизнеспен өзара іс-қимыл аясын кеңейту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобалар саны артты. 2 жыл ішінде жекеменшік мектептер бойынша 36 жоба бекітілді. Жетінші сайланым депутаттарының қызметі басталғаннан бері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қызметті жүйелеу бойынша жұмыс басталды.
Қала әкімі жылу беру маусымын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асырудағы маңызды қадам 6,5 млн.тұрғын үйді қамтамасыз ете алатын ЖЭО-3 аяқтау бойынша жұмысты жандандыру болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты жаңа құрылыстардың аудандарын жылумен қамтамасыз ететін 2 жаңа газ қазандығының құрылысы өте маңызды рөл атқарады.
Елбасының елорданы газдандыру бойынша жобасы іске асырылуда, 2020 жылы 320 км. төселді, ағымдағы жылы 317 км. төсеу жоспарлануда. Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіліп, 2023 жылға дейін аяқталады.
Қала әкімі жолдар мен көпірлер құрылысының оң қарқынын атап өтті. Бүгінгі таңда тұрғын үй алаптарында 59 көше салынды, Нұрлы жол теміржол вокзалына қарай көпірлер салынуда, Тәуелсіздік даңғылы бойында, Қорғалжын тас жолына қарай көпірлер салу жоспарлануда.
Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде қаланың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін 2 сорғы сүзгі станциясы маңызды рөл атқарады, бірақ өсіп келе жатқан қалаға үшінші сорғы-сүзгі станциясының құрылысы қажет.
Тағы бір өзекті міндет - Мастер-жоспар аясында жүзеге асырылатын қала аумағын абаттандыру.
Қала әкімі сөз сөйлеу барысында келесі жылға арналған бюджет жоспарын бекіту бойынша бірлескен жұмыс алда екенін атап өтті, әкім депутаттарға әкімдік жұмысының 9 айы бойынша алдын ала есеп береді.
Сөз соңында Алтай Көлгінов қатысушыларға қосымша қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатынын тағы да еске салды. Тек мектептерге оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге 2 млрд. теңге бөлінді. Ол медициналық кластердің арқасында қала ковидке қарсы күреске төтеп бергенін, қазіргі уақытта медициналық мекемелердің толымдылығы 50% - ды құрайтынын айтты.
Мәслихат хатшысы Алтай Көлгіновке кезектен тыс сессияға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, табыс және барлық жоспарлардың іске асуын тіледі.
«Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов мәслихат депутаттарының қарауына шығарылатын, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ұсынды.
Ерлан Каналимов бұл мәселе мәслихаттың бейінді тұрақты комиссиясының отырысы барысында мұқият пысықталғанын айтты.
Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі №65/9-VII «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешімінің 1-тармағына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Раздықұлы Ораловты қосу бойынша толықтыру енгізуді ұсынды.
Бұдан кейін депутаттар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Ведомствоаралық комиссиялардың бірқатар құрамын бекітті.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына шығарылған барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.