Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасы ерекше бақылауда
20.08.2021
Елордалық партия мүшелерінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын бақылау және тағы да бақылау. Бүгін "Nur Otan" партиясы фракциясының кезекті отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау, көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармаларының баяндамалары тыңдалды. Кеңеске ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Павел Казанцев шақырылды, ол бүгінгі кездесудің маңыздылығын және сайлауалды уәделерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Барлық басқармаларға Жол картасының жекелеген көрсеткіштері бойынша айтылған ескертулерді жою бойынша нақты мерзімдер берілді.