2025 жылға дейін елордада 60 мың орындығы бар 50 мектеп салынады
19.08.2021
"Nur Otan" партиясының елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында 60 мың орындығы бар 50 мектеп салынады. Биылғы жылы олардың 5-і бюджет есебінен, 4-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде және 6-ы жеке инвестор есебінен салынатын болады. Келесі жылы елордада 16 мектеп ашылады. МЖӘ шеңберінде конкурстық рәсімдерден өту үшін бастапқы деректерді жинау сатысында-4 мектеп. Кірпішті т/а 600 орынға арналған № 12 мектеп-кешені салынады. Интернационалдық т/а жапсаржайында да сонша орын болады.
"Ағаш зауытында ескі мектеп бұзылып, жаңа мектеп салынады. Келесі жылы жеке инвестор есебінен 3 мектеп салынады: екеуі "Алматы" ауданында және біреуі "Есіл" ауданында. МЖӘ аясында 2400 орындық "Көктал - 1" т/а мектеп пайдалануға беріледі",- деді әлеуметтік желілердегі парақшасында мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.