Елордалық мәслихат депутаттарынан 30 игі іс
13.08.2021
Елордалық мәслихат депутаттарынан Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына арналған 30 оттегі концентратор. Депутаттар бастамашылық еткен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 игі іс" акциясы жалғасуда. Бұған дейін депутаттық корпус мұқтаж жандарға донорлық қан тапсырып, кіші буын медицина қызметкерлеріне құрмет көрсеткен. Бүгін медициналық мекемелерге оңтүстіккореялық өндірістің қымбат медициналық аппараттары табыс етілді. Алда аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары үшін елорданың колледждері мен жоғары оқу орындарына тегін білім беру гранттарын тапсыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға барлық көмек, экологиялық акциялар, аулаларды абаттандыру және тағы басқалар секілді жұмыстар бар.
"Қала тұрғындарын акцияның тұрақты негізде өткізіліп, депутаттар үшін дәстүрге айналатынына сендіргім келеді", - деді елордалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.