Елордадағы индустриялық паркте 2025 жылға дейін 12 өндіріс құрылады
04.08.2021
Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" 2025 жылға дейін индустриялық паркте 12 өндіріс құру көзделген. Биылғы жоспар орындалды! Екі жоба іске қосылды, олар "ModeX Astana" ЖШС көлемдік-блоктық үй құрылысы зауыты және "ТАЛ Инжиниринг Казахстан" ЖШС брусчатка өндіру зауыты. Екі кәсіпорын 300-ге жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Бірінші жобаның қуаттылығы: жылына 500 мың шаршы метр тұрғын үй. Тұрғын үй құрылысының мерзімін қысқарту, тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасын төмендету, тұрғын үйдің зауыттық жоғары дайындығы - жобаның бірегейлігі болып табылады. Модульдік үй құрылысы - ең тиімді құрылыс технологиясының бірі. "Бұл енгізу елдегі тұрғын үй құрылысына жаңа серпін береді, ғимараттардың салыну уақытын қысқартуға, сондай-ақ олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл тұрғын үйді қазақстандықтардың кең ауқымы үшін қолжетімді етеді", - деп атап өтті елордалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.