Елордалық "Nur Otan" жобаларды тарту саласындағы жоспарды асыра орындады
28.07.2021
2021 жылға арналған жобаларды тарту саласындағы елордалық партия мүшелерінің сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша жоспар асыра орындалды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Сайлауалды уәдеге сәйкес 5 жыл ішінде 400 жаңа жобаны тарту жоспарланған. 2021 жылы-25 жоба. Бүгінгі таңда 110,5 млрд.теңге сомасына 34 жобаға қолдау көрсетілді",- деп атап өтті Е. Каналимов.
Олардың ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жылыжай), оқу, спорт және медицина орталықтарын құру, өндірістік жобалар, сауда объектілері мен тұрғын үй салу жөніндегі жобалар бар. Келесі жылы – 50, 2023 жылы - 75, 2024 жылы - 100 және 2025 жылы 150 жобаны тарту жоспарлануда.