Кезектен тыс сессия: тегін медициналық көмек көрсету туралы
16.07.2021
Қалалық мәслихатта мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының талқылауына алты мәселе шығарылды.
Күн тәртібінің «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы» шешімінің күшін жою туралы» бірінші мәселесі бойынша мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов сөз сөйлеп, кезектен тыс сессияның қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті а.ж. 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 маусымдағы № 60-VII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлады. Заңмен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, қабылданған түзетулерге сәйкес мәслихат сессиясының төрағасы лауазымы таратылып, оның өкілеттігі мәслихат хатшысына беріледі. Қабылданған жаңалықтар негізінде мәслихат сессияларының отырыстарын жүргізу мәслихат хатшысына жүктеледі. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, мәслихаттың аталған шешімінің күші жойылуға жатады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жомарт Айтқазы сөз сөйледі. Кадрлық өзгерістерге байланысты Ж.А. Айтқазы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» ұсынысын қолдауды сұрады.
Нұр-Сұлтан қаласында амбулаториялық емдеу кезінде тегін тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Тимур Муратов баяндады. Ол депутаттарға Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін және тегін медициналық көмекті жүзеге асыру үшін қажетті сома туралы мәліметті ұсынды.
Ерлан Каналимов Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сөз жолдап, депутаттар атынан елорда тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қажеттілігі қанағаттандырылатынына сенім білдірді.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі бойынша сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге болып айқындалсын.
Мәслихат хатшысы бұл мәселені тұрақты комиссиялар мен бірлескен отырыстарда талқылай отырып, депутаттар тұрғын үй сертификаттарына мұқтаж азаматтар санатына қалалық Полиция департаменті қызметкерлерін және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлерін енгізуді ұсынғанын айтты, өйткені қызметкерлердің жартысына жуығының өз баспанасы жоқ.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ басшысы Дәулет Доскулов сөз сөйледі.
Мәслихат хатшысы кезектен тыс сессияға қатысушыларға бұрын комиссияны қала әкімінің орынбасары басқарғанын, қазір комиссия төрағасы қала әкімі болып табылатынын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Нұрлан Ұранхаев сөз сөйледі.
Комиссия құрамына «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Серікжан Мұратбекұлы Бекетаев енгізілді.
Сессияның қарауына енгізілген барлық мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері қабылданды.