Жедел жәрдемге арналған жаңа ғимараттар
02.07.2021
Елордалық мәслихат депутаттары "Алматы" және "Байқоңыр" аудандарында жеке тұрған ғимараттарда жедел медициналық жәрдем қосалқы станцияларын орналастыру мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бүгінгі таңда олар тұрғын үйлерде орналасқан және бірқатар қолайсыздықтар тудыруда.
"Жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту, елорда тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жеделдігі үшін станцияларды тұрақты орналастыру орындарын қарап, мақұлдадық. Мұнда арнайы көліктерге арналған тұрақ орындары, медицина қызметкерлерінің демалуы үшін бөлмелер және ақ халаттағы адамдар үшін бірқатар басқа жағдайлар қарастырылған",- деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Оның айтуынша, орналасқан жер жаңа тұрғын үй кешендерінің орналасқан жерін ескере отырып таңдалды, дәл осы жерде жедел жәрдемнің жедел түрде келуіне мүмкіндік болады. Екі–үш ай ішінде жедел медициналық көмек станциялары орналасқан тұрақты орындар Сейфуллин және Майдаконыр көшелерінде пайда болады.