Астана күніне арналған әлеуметтік нысандар
05.07.2021
Астана күні қарсаңында еліміздің бас қаласында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша өз есігін айқара ашты. Ол "Сарыарқа" ауданы Кенесары көшесі 9\1 орналасқан. Қазіргі уақытта балалармен, мұғалімдерден басқа, логопед - дефектологтар, офтальмологтар және осы секілді дәрігерлер айналысады. Физиотерапия кабинеті бар. Әр баламен жеке айналысады.
"Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен бірге "Алматы" ауданы Майқайың -А 351 көшесінің қиылысында салынған және ашуға дайын мектепте болдық. Оқу орны 2400 оқушы орнына есептелген, оқушылар екі ауысымда оқитын болады",- деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Мектепте инклюзивті білім алуға арналған кабинеттер, бірқатар мамандандырылған тақырыптық кабинеттер, бейнесабақтар шығаруға арналған түсірілім студиясы бар. Биыл 40 мың орындық 15 мектеп салынады.