Елордалық мәслихат депутаты қарт адамдарға арналған клубты жабдықтауға көмектесті
06.07.2021
Елорда күніне орай қалада бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылды. "Көктал-2" тұрғын алабында дене шынықтыру –сауықтыру кешені өз есігін айқара ашты. Көптен күткен нысан қала маңында тұратындар үшін тартылыс орталығына айналады. Мұнда көптеген секциялар, халыққа қызмет көрсету орталығы, кітапхана, полиция пункті, қарттарға арналған клуб орналасқан. Мұндай кешендер жақын арада елорданың басқа да массивтерінде пайда болады.
"Барлық депутаттық корпустың атынан 1 млн теңгеден астам сомаға қарттар клубына жиһаз сыйлаған депутат Талғат Қожахметовке алғысымды білдіргім келеді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.
А.Янушкевич және А.Пушкин көшелерінің қиылысында "Құтқарушылар саябағы" пайда болды. Сквер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылардың құрметіне салынған. Мұнда құрмет тақтасы орнатылған, тақырыптық аймақтар бар. Сонымен қатар, кезекте тұрған 400 отбасы жетім балалар, мүгедектер, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер мен отбасы мүшесі толық емес отбасылар пәтер кілттерін алды. Әлеуметтік тұрғын үйге ордер бүгін екі ауданда - "Есіл", "Пригородный" т/а, "Ақерке" ТК және МТК "Алматы" ауданы Қошқарбаев көшесі мен А-104 қиылысы ауданында берілді.
"Барлық нысандар "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау аясында салынған",- деп жалғастырды Ерлан Каналимов.