Мәслихат депутаттары заманауи полиция учаскесін ашуға көмектесті
25.06.2021
Елордалық мәслихат депутаттары елорданың аудандарының бірінде өз есігін ашқан жаңа полиция учаскесіне барды.
Кіреберісте ресепшн, келушілерге арналған дәретхана, ана мен бала бөлмесі, азаматтарды қабылдау бөлмесі бар.
Полицейлер үшін де жағдай жасалған: ас үй, шкафтары бар шешінетін бөлме және душ бар.
Учаске американдық стандарттар бойынша, мәслихат депутаттары Талғат Нәрікбаев пен Саламат Ахметовтың есебінен салынған. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтауға 30 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Жоба пилоттық және ІІМ мен елорда әкімдігімен бірлескен болып табылады. Қала билігі үй-жай берді.
"Біздің тәртіп сақшыларымыз лайықты жағдайда жұмыс істеуі керек, бұл полицияның сервистік үлгісіне тез ауысуға ықпал етеді. Өз кезегінде қалалық билік осы жағдайды жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.