Тұрақты комиссияның жер учаскелерін алып қою мәселелері жөніндегі отырысы
25.06.2021
Назгүл Мақжанованың төрағалық етуімен қалалық мәслихатта Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселе болды.
«Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов сөз сөйлеу барысында әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімін ұсынды:
- № 23-16 (жобалық атауы), Т. Жүргенов, А. Байтұрсынұлы және Ж. Нәжімеденов көшелерінің бойында орналасқан жапсарлас салынған үй-жайлары, паркингі және әлеуметтік-мәдени объектілері бар көпфункционалды тұрғын үй кешені;
- К. Күмісбеков көшесі, № 7/1 үй ауданы мекенжайы бойынша аумақтарды абаттандыру;
- Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №8 үй ауданы мекенжайы бойынша аумақтарды абаттандыру;
- Ш. Уәлиханов көшесінен Ш. Жиенқұлова көшесіне дейінгі учаскеде Ы. Дүкенұлы көшесінің құрылысы;
- К. Күмісбеков және Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында орналасқан жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені;
- А. Иманов және Егемен Қазақстан газеті көшелерінің қиылысында орналасқан мектеп құрылысы.
Депутат Бауыржан Жанқонақов А. Иманов және Егемен Қазақстан газеті көшелерінің қиылысындағы жер учаскелеріне алдын ала бармай, иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын мәслихат сессиясының қарауына шығаруға қарсылық білдірді, ол тұрғын үй иелеріне төленетін сомамен келіспейтінін айтты. Депутаттың пікірінше, өтемақы мөлшері нарықтық құнынан бірнеше есе жоғары және мәселені қосымша зерттеу қажет.
Тұрақты комиссия отырысының төрағасы депутаттарға 28 маусымда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы алдында объектіге баруды ұсынды.