Елордалық мәслихаттан 30 игі іс
18.06.2021
Елордалық мәслихатта "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс" акциясы басталды.
Акцияның іс-шаралар жоспарында мектеп түлектеріне гранттар беру және халықтың әлеуметтік осал топтарынан ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, экологиялық сенбіліктер өткізу, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар ойын алаңдарын орнату, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға олардың дамуына қажетті ойыншықтар, дамытушы ойындар және т.б. сатып алуға көмек көрсету.
Әрбір депутат қайырымдылыққа өз үлесін қосады. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында "қызыл аймақта" пандемия басталғаннан бері жұмыс істейтін кіші медициналық қызметкерлер марапатталды. 36 медбике сыйлық ретінде сұлулық салондарына сертификаттар, гүлдер мен естелік сыйлықтар алды. Бірнеше күн бұрын мәслихат депутаттары донорлық қанға мұқтаж жандарға қан тапсырды.
30 игі іс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық ағымына қосылады.