Елорданың білім берудегі инвестициялық жобалары
14.06.2021
Мәслихат депутаттары білім беру нысандары құрылысының барысымен танысты. Тұрақты комиссиялардың бірнеше отырысында елордалық мәслихат депутаттары мемлекеттік–жеке меншік әріптестік аясында іске асырылып жатқан нысандардың құрылысына байланысты мәселелер қарады. Бүгін депутаттар алты жалпы білім беретін мектеп нысандарына барып көшпелі кеңес өткізді. Депутаттар айтқан ескертулердің қалай түзетілетіні, сондай-ақ мердігерлер өз объектілерін мерзімінде тапсыра алады ма, осы секілді сұрақтарға жауап алды. МЖӘ аясында салынып жатқан 4 мектеп биыл пайдалануға беріледі, келесі жылы тағы екеуі пайдалануға беріледі. Әрқайсысы 2000 орынға есептелген. Бұл "NOVA CITY" ТК, "Жағалау" ТК, "KAPITAL PARK" ТК, "ЗАМ - ЗАМ" ТК, "DELUXE TOWN" ТК аудандарында, Байтұрсынов көшесі ауданында орналасқан мектептер.