Тұрақты комиссияның жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі жөніндегі отырысы
10.06.2021
Қалалық мәслихатта Талғат Нәрікбаевтың төрағалығымен ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселе болды.
Негізгі мәселе бойынша «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысының м.а. Дархан Құлбаев сөз сөйледі.
Д. Құлбаев депутаттарға әлеуметтік объектілер салу үшін иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ұсынды: Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысы ауданында орналасқан жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені; Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №6/1 үйдің ауданы мекенжайы бойынша аумақты абаттандыру; Күмісбеков көшесі, №7, №7/1 үйлердің ауданы мекенжайы бойынша аумақты абаттандыру; Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №8 үй ауданы мекенжайы бойынша аумақты абаттандыру; Қарасай батыр және Бұланты көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан мектеп құрылысы; Ш. Уәлиханов көшесінен Ш. Жиенқұлова көшесіне дейінгі учаскеде Ы. Дукенұлы көшесін салу; К. Күмісбеков және Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені.
Жер учаскелерінің меншік иелері онлайн режимінде тұрақты комиссияның отырысына қатысуға шақырылды. Олар өтемақы сомасымен танысқандарын және уәкілетті орган мен мәслихатқа наразылықтары жоқ екенін растады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Талғат Нәрікбаев жер учаскелерінің меншік иелеріне отырыс жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтып, бұл мәселе мәслихат сессиясының қарауына шығарылатынын хабарлады. Сессиядан кейін олар жер учаскесіне өтемақы ретінде тиісті соманы алуға құқылы болады.