Елордада «Жастар мәслихаты» жобасы басталды
09.06.2021
Партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, жастармен кері байланысты нығайту, олардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік лифтіні, кадрлық резервті қалыптастыру, жастарды сайлау процестеріне дайындау. Осы және басқа да мақсаттарды елордада бастау алған "Жастар мәслихаты" жобасы көздейді. Жоба жұмысына жұмыс істейтін жастар, жоғары және орта арнаулы, кәсіптік оқу орындарының студенттері мен жас оқытушылары, елорданың жастар ұйымдарының өкілдері мен түрлі салаларда жұмыс істейтін жастар кіретін болады.
«Елордалық мәслихаттың жас депутаттары сайлау арқылы тағайындалады. Жоба бойынша қалалық және аудандық депутаттар түрлі бағыттар бойынша комитеттерге іріктеліп, бөлінеді», - деді қалалық мәслихат депутаты Бақдәулет Жанділдаев.