Елордалық мәслихат депутаттары 500-ге жуық азаматтарды қабылдады
07.06.2021
"Nur Otan" партиясы елордалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың азаматтарды қабылдауы барысында жалақының төленбеуі, үлестік құрылыс, аулаларда шлагбаумдардың заңсыз орнатылуы секілді мәселелер айтылды.
"Әр мәселе бойынша түсініктеме бердім, басқаларын жуық арада шешетін боламыз. Мысалы, "Тұмар" мәдениет және спорт орталығының басшысы Амиржанова Аида Равиловна мүмкіндігі шектеулі балаларға жаттығу үшін футбол алаңын ұсынуды сұрады. Осы және басқа да мәселелерді шешу жеке бақылауға алынды", - деп атап өтті Е. Каналимов.
2021 жылда үш айдың ішінде қалалық мәслихат депутаттары 500-ге жуық азаматтарды қабылдады. 338 мәселе шешілді, жүзден астамы түсіндірілді. Орындалу процессінде-16. Негізінен, өтініштер жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы дауларды шешу, еңбек заңнамасы және басқа да көптеген мәселелерге қатысты. Азаматтарды қабылдау кестесімен сіз елорда мәслихатының сайтынан таныса аласыз https://maslihat01.kz.