Балаларды қорғау күніне арналған жақсы дәстүр
01.06.2021
Дәстүр бойынша елордалық мәслихат депутаттары көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды құттықтады. Ойыншықтар мен көптеген тәттілер сыйға тартылды.
"Жыл сайын 1 маусымда біз халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеміз. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн бәріміз үшін ерекше, өйткені балалар – біздің болашағымыз. Олардың үлкен азамат болуы-көбіне бізге байланысты. Біз өскелең ұрпақтың бақытты болуы үшін, балаларымыздың өз Отанының нағыз патриоты болып өсіп, өз мүмкіндіктері мен шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек",- деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Е.Каналимовтың айтуынша, бүгінде елордада балаларға қосымша білім беруге бағытталған көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда, елорданың жас тұрғындарының толыққанды демалысы мен көңіл көтерулері үшін жағдайлар жасалуда. Оқушылар үшін бұл мереке жазғы демалыстың, қуанышты және уайымсыз уақыттың басталуын білдіреді.