Мәслихат депутаттары "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" атты ашаршылық құрбандарын еске алу монументіне гүл шоқтарын қоюға қатысты
31.05.2021
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, елордалық партия мүшелерімен бірге қалалық мәслихат депутаттары "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" атты ашаршылық құрбандарын еске алу монументіне гүл шоқтарын қоюға қатысты. Жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі және тарихи әділдікті орнату тұрғысынан маңызды күн болып табылады. Бұл күн бізге қазақ халқының өткенін тағы да еске алуға, қаза тапқан батырларды дәріптеуге және тәуелсіздігімізді бағалауға көмектеседі. “Бүгін - бұрынғы жүйемен қаза болғандарға немесе қуғын-сүргінге ұшырағандарға құрмет көрсетіп, әрдайым оларды есте тұтатын күн. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз аға ұрпақтың ащы тәжірибесі туралы білуге тиіс. Баршамызға бейбітшілік, татулық және амандық тілеймін”,-деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.