Елордалық партия мүшелерінің сайлауалды уәделерін орындау
31.05.2021
"Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы хабардар етуді жалғастырамын. Бүгін қаланың спорт нысандарын күрделі жөндеуден өткізу туралы айтып беремін", - деді Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов өзінің жеке парақшасында.
Сайлау алдындағы уәделерді орындау бойынша Жол картасының 88-тармағына сәйкес, бүгінгі күні № 4 ОРМБЖМ ғимаратын жөндеу толығымен аяқталды. Нысанда шатыр, ғимарат ішіндегі үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізілді, аумаққа асфальт төселді, кондиционерлеудің заманауи жүйелері орнатылды, қажетті тренажерлер сатып алынды. № 86 тармаққа сәйкес қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігінің балансына берілген жеңіл атлетикалық спорт кешенінің ашылуы өтті. Спорт кешенінде 6 жүгіру жолы, ұзындыққа секіруге, сырықпен секіруге арналған сектор, бассейн, атлетикалық зал, спортшыларға арналған 36 орындық жатақхана бар.