Полицияны реформа күтуде
07.11.2018
Астананың полиция Департаментіне алдағы жылға 10 млрд. 175 млн. теңге қарастырылған. Бұл сомма мекеменің барлық қажеттіліктерін өтейді. Бюджеттік қаражат нақты қайда жұмсалатыны Қасенов Гайдардың басшылығымен өткен заңдылық, құқықтық тәртіп және әлеуметпен жұмыс сұрақтары бойынша тұрақты комиссия отырысында бюджеттің үш жылдық жобасын қарастыру кезінде анықталды.
Шығындардың негізгі бөлігі капиталды жөндеу жұмыстары мен жаңа әкімшілік ғимаратты материалды-техникалық базамен қамтамасыздандыруға бағытталатын болады.
– Полиция жеке құрамының жаңа әкімшілік ғимаратқа - бұрынғы қонақүй комплексі “Рамада-Плазаға” көшу сұрағы жалпы шешіліп қойғаны барлығына белгілі, - деп хабарлады Астана полиция Департаменті басшысының орынбасары Жүсіпбеков Сабыр.
– Қазіргі уақытта ғимаратты техникалық тексеру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр, яғни жобалық-сметалық құжаттандырудың өңделуінен кейін бұл ғимараттың капиталды жөндеу жұмыстарына қажет қаражат соммасы анықталатын болады.
Мекеме басшысының айтуы бойынша, “мемлекеттік органның капиталды шығындары” бюджеттік бағдарламасы бойынша жеткізілген 3 млрд. теңге лимитінің шеңберінде бұл мақсаттарға 1 млрд. 600 млн. теңге көлемінде резерв қарастырылған. Алайда, соңғы соммасы ЖСҚ алынғаннан кейін ғана белгілі болады.
Қалған 1,4 млрд. теңге полиция қызметкерлерінің радиотехникалық жабдықтандырылуына жұмсалады. Осыдан басқа, шығындардың жеке бабы болып 80 камераның ауыстырылуына, 16 бірлік жаңа заман видеорегистраторлары бар автокөліктердің алынуына, видео-жетондарға, “Байқоңыр” ауданы кезекші бөлігінің 4 автокөлігіне, минометті полк, шулы гранаторлар үшін көліктерге және тағы басқаларына шығын болып табылады.
Мәслихат хатшысы Нұрпейісов Жанат департамент басшысына бюджеттік бағдарламалар аясында барлық күтілетін шығындарын жазбаша табыстауға тапсырыс берді.
Депутат Шекенов Мирасты мына сұрақ толғандырды: жақындағы құқықсақтау органдарының реформасы шеңберінде қаражат қарастырылған ба?
– 1 қаңтардан наурызға дейін полиция Департаментінде барлық жеке құрамның штаттан тыс аттестациясы жүргізілетін болады. Ол қызметкер құрамын оңтайландыруды көздеуде. Жалақыға бөлінген қаржыландыру барлық қызметкерлерге бөлініп берілетіні талқыланды. ІІД қызметкерлерін оқыту мен біліктіліктерін арттыруға 12 млн. теңге қарастырылған, яғни қолдағы қаражат жергілікті орында реформа жүргізуге жетіп тұр, – деп бекітті Жүсіпбеков Сабыр.
Полицейлер санын алдын ала 10%-ға кеміту болжалып отыр, бірақ алдымен қаладағы нақты қажеттілікті есептеу қажет. Департамент басшысының айтуы бойынша, Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу барысында министрлік елордаға 1,5 мың қызметкер бекітті, олар республикалық бюджеттен қамтылды. Алайда дәл қазіргі уақытта Астанада осындай мөлшерде полицейлер қажет емес.
Отырыс кезінде, сонымен қатар, қоршаған орта және табиғатты пайдалану күзеті басқармасы, қорғаныс істері бойынша департаменті, қоғамдық даму жұмыстары бойынша басқарма, Астана қаласының төтенше жағдайлары департаментінің бюджеттері қарастырылды.
Тұрақты комиссия жұмысына Астананың мәслихат хатшысы Нурпейісов Ж.Г., басқарма жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.