Елордалық мәслихат депутаттары тұрақтандыру қорының жұмысына үнемі мониторинг жүргізетін болады
13.05.2021
Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына жедел мерзімде ардагерлер ұйымдарымен және халықтың әлеуметтік осал топтарымен елордада азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағдарламасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бағдарлама жүзеге асырылатын және стратегиялық маңызды өнімдердің бағасы басқа сауда объектілеріне қарағанда 10-20%-ға төмен ірі сауда үйлерінде елордалық мәслихат депутаттары көшпелі кеңес өткізді. Сонымен қатар, әртүрлі жарма мен макарон өнімдері сақталатын қойма, үй-жайлардың жұмысын тексерді, нан-тоқаш өнімдерін төмен бағамен шығаратын наубайханалардың жұмысымен танысты. Бағаны тұрақтандыру мәселелері тұрақты бақылауда ұсталынатын болады, себебі осы тоқсанда негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі байқалады. Депутаттар фьючерлік шарттар шеңберінде жұмыс істейтін тұрақтандыру қорының жұмысына негізгі тауарларды қалыптастыру рәсімдері тұрғысынан тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады.