Депутаттар қаза тапқан полицейлердің, "ауғандықтардың", ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің отбасыларына барды
07.05.2021
Мереке күндері елордалық мәслихат депутаттары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан елордалық полицейлердің отбасыларын, интернационалист жауынгерлердің аналарын, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. 170-тен астам адам сыйлықтар мен азық-түлік себеттерін алды. Депутаттар олардың күйеулері мен ұлдарының, сол соғыс батырларының, тылдағы көптен күткен жеңісті жақындатқандардың ерліктерін атап өтіп, ризашылықтарын білдіріп, оларға денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Әрбір мәслихат депутатына қаза тапқан полицейлердің, "ауғандықтардың", соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің отбасылары бекітілген.