Ерлан Каналимов: сайлауалды уәделерді орындау белсенді жүріп жатыр
19.05.2021
Елордалық партия мүшелерінің сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау - "Nur Otan" фракциясы қалалық мәслихат депутаттарының басты басымдықтарының бірі. Бағдарламалық құжаттың Жол картасының 13 бағытының әрқайсысына депутаттар бекітілген. Мәслихат қабырғасында Жол картасының орындалу барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының баяндамалары екі рет тыңдалды. 2021 жылға 120-ға жуық тармақ белгіленді, оның 80%-дан астамы қаржылық қолдау тапты, қалғандары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында қаралатын және бекітілетін болады. Үлестік құрылыс, аула клубтарын ашу, мектептер салу, индустриялық паркте өндірістер құру және басқа да көптеген мәселелер бойынша сайлауалды уәделерді орындау белсенді жүргізілуде.
"Тұрақты негізде қала тұрғындарын әрбір пункттің іске асырылуы туралы хабардар ететін боламын. Бүгінгі таңда іс-шаралар жоспары әзірленді, оған сәйкес бағдарламаны жылдар бойынша бес жыл ішінде іске асыру мерзімдері нақты белгіленген. Айта кетейін, елордалық партия мүшелерінің сайлауалды бағдарламасы қала тұрғындарының пікірін ескерді", - деді Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.
Ішкі партиялық іріктеу кезінде оның қатысушылары елорда тұрғындарынан ұсыныстар жинады. Олар бағдарламалық құжаттың негізін қалады.