Елордалық мәслихат депутаттары елорданың жасыл белдеуіне көшет отырғызды
14.05.2021
900 мыңға жуық көшет, олардың көпшілігі қылқан жапырақты тұқымдар биыл елорданың жасыл белдеуіне 838,06 га алқапқа отырғызылады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында елорда айналасында жасыл белдеу қалыптастыру туралы айтқан болатын. Елордалық мәслихат депутаттары "Астана Орманы" ЖШС-да көшпелі кеңес өткізіп, көшет отырғызуға қатысты. Серіктестік басшылығы бүгінде бұл жерде көшеттердің көктемгі көлемін отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл ретте, қаржыландыру мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ.
"Осы және басқа да мәселелерді жауапты басқармалардың қатысуымен тұрақты комиссия отырысында қарайтын боламыз. Депутаттарға 2022 жылға отырғызу бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 6-кезеңдегі жобаны әзірлеуге шарт жасалғанын, онда ағымдағы жылдың тамыз айына дейін 2022 жылға арналған көлем анықталмайтыны айтты. Алдын ала бұл сандар 1 117,7 га алаңда 1 773 400 көшет қалдырады", - деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.