Тұрақты комиссияның Есіл ауданында су басу мәселелері жөніндегі отырысы
13.04.2021
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Мәңгілік ел даңғылы, 35-үйде орналасқан «Триумфальная арка» ТК іргелес аумағы мен үй-жайларын су басу проблемасына байланысты мәселелерді қарау болды.
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қанат Аббас сөз сөйлеп, депутаттарды ауданды абаттандыру бойынша әкімдіктің қабылдаған шаралары, сондай-ақ аудан аумағындағы су басумен байланысты проблемалар туралы хабардар етті.
Сол жағалауда бір коллектор жұмыс істейді, алайда бірқатар тұрғын үй кешендері салынған. Бұл мәселе Ә. Бөкейхан көшесі, Керей Жәнібек хандар көшесі, Сауран көшесі бойында орналасқан үйлерге де қатысты болды. Осындай жағдайды болдырмау үшін МИБ немесе ПИК басшыларымен құбырды кері жүрістің пайда болуынан және үйлердегі қысымның әсерінен қорғау үшін шұғыл түрде кері клапан орнату үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көптеген үйлерде клапан орнатылған, бірақ үлкен қысымға байланысты, олар істен шықты.
Бұл проблеманы шешу үшін ұзындығы 6,2 км желі салу жоспарлануда, Тапсырыс беруші қалалық Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы болып табылады.
«Астана су Арнасы» МКК басшысы Табиғат Зейнұлқабден кәріз желілерінің ағымдағы жағдайы туралы есеп берді. Ол сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифі 2016 жылдан бері өзгермегенін атап өтті. Бүгінгі таңда орташа тариф 94,5 теңгені құрайды, халық үшін 1 текше метр су 44 теңгені құрайды.
Астана Су Арнасы пайдаланушы ұйым болып табылады және желілер салмайды, тарифке қолданыстағы желілерді пайдалану енгізілген. Тәртіп мынадай, қала салады, басқармаға береді, Астана Су Арнасы қызмет көрсетеді. Ол әртүрлі аймақтардың тарифтерін салыстырып, астана құны бойынша 12-ші орында екенін, яғни халық үшін баға республика бойынша ең төменгі бағаның бірі екенін айтты. Содан кейін, ол кәріз желілерінің жағдайына тоқталып, желілерді ауыстыру бойынша сандар келтірді. Нұрлы Жол бағдарламасы аясында 2018 және 2019 жылдары Сарыарқа және Алматы аудандарындағы ескі коллекторларды ауыстыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілген. Ол 235 км (24%) желілерді пайдалану мерзімі аяқталғанын, оларды пайдалану мерзімі 30 жылдан асып кеткені туралы айтты.
Табиғат Зейнулқабден кәріз желілерін пайдалану мәдениеті туралы шағымданды, ол жоғары болып жатқан жоқ және қатты бітелулерге байланысты кәріз желілеріне зиян келтіреді. Қорытындылай келе, ол тұрмыстық кәріз жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы айтты.
Су тасқыны кезеңінде проблемалар болмауы үшін гидрооқшаулау жұмыстары және кері клапандар түрінде қорғауды қамтамасыз ету бойынша МИБ және ПИК-ке түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қалыптасқан жағдайдан шығу жолдары: 1) сол жағалауда көптеген проблемаларды шешетін жаңа коллектор салу бойынша конкурс өткізу, Тапсырыс беруші Отын-энергетикалық кешен басқармасы, 2) ТКШ орталығы қуаттылығы 118 мың текше метр КТС құрылысын жоспарлаумен айналысады, 3) ЭкоСистем компаниясы нөсер кәрізімен айналысады. Қазір бұл компания барлық нөсер кәріздеріне тексеру жүргізуде.
Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі бұл мәселені жобаны іске асыру, ұзындығы 7,6 км, құны 13,3 млрд. теңге болатын кәріз коллекторының бірінші кезегін салу, екінші кезек – шамамен 12 млрд. теңгеге кәріз сорғы станциясының құрылысы есебінен шешу көзделіп отырғанын айтты, жоба сараптамадан өтуде, мамыр айының ортасына қарай сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта өтінім берілді, РБК отырысы әлі өткізілген жоқ, Қаржы министрлігімен келісім бойынша құрылысты бастауға 5 млрд теңге жұмсау жоспарлануда.
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев Астана Су Аранасы басшылығын қызметтің нақты перспективалық жоспарының болмауына байланысты сынға алды. Ол мәдениет төмен деп шағымданудың мәні жоқ екенін, кәріз желілерін уақтылы тазарту қажет екенін айтты. Депутаттар аудан әкімімен бірге объектіге барды. Сапар нәтижелері бойынша үш сұраққа жауап дайындау ұсынылды: Астана Су Арнасы қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде Мәңгілік ел, 35 мәселесін шешу жолдарын қалай көреді; қалалық кәріз желілерінің ағымдағы жағдайына барабар баға беру, кәсіпорынның проблеманы шешуге қосқан үлесі; қалалық кәріз желілерін дамыту перспективалары.
BI Service бас директоры Төлебаев Серік Қошқарбайұлы КСС құрылысы сол жағалау мәселесін шешетінін айтты. Сондай-ақ, ол кері клапандар орнатумен мәселе шешілмейтінін айтты, өйткені қызметтерді 300 үй пайдаланады және осыған байланысты пайда болатын қысымға кері клапандар төтеп бере алмайды. Бұл компанияның жұмысына қатысты сын-ескертпелер бар, олар назарға алынды. Жұмыс жүргізілуде, ақпарат тұрғындардың назарына жеткізілетін болады.
Мәңгілік ел көшесі, 35 үйдің тұрғыны Александр Иванович Погорелов сөз сөйледі. Оның айтуынша, инженерлік желілерді дайындамай, техникалық шарттар беруге болмайды, үй тұрғындары жоғарыда қандай да бір объект енгізілсе, үйдегі су көрсеткіштері нашарлай түсетінін байқаған. Үй тұрғындары Триумфальная аркаға жақын болу оларға тұрмыстық мәселелерден аулақ болуға көмектеседі деп үміттенген, бірақ іс жүзінде су тасқыны кезінде жаңбырдан кейін Триумфальная арка жанында кәрізден иіс шығады. 2019 жылдан бастап бұл проблема тұрақты бола бастады. Тұрғындар әлеуметтік желілерде пост жазды, Астана Су Арнасына жүгінді, бірақ мәселе шешімін тапқан жоқ. Тұрғындардың атынан Александр Иванович үйдегі мәселенің тез арада шешілуін сұрады. Уақытша шара ретінде тұрғындар су айдайтын трактордың жұмыс уақытын ұзартуды сұрады. Мәселені шешу үшін түбегейлі шаралар қажет.
Депутаттар Астана Су Арнасына BI Service-пен бірлесіп осы мәселені жұмыс тәртібінде шешуді ұсынды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов мүдделі ведомстволардың басшыларына үй тұрғындарына жазбаша түрде ақпарат дайындауды ұсынды. Ол қаланың ескі бөліктеріндегі үйлердің 10% бөлігінде осындай проблема бар екенін атап өтті. Мәселе уәкілетті орган - ОЭКБ қарауына жатады, өйткені Астана Су Арнасы пайдаланушы компания.
Уәкілетті орган жаңа желілер салуды, жаңғыртуды, қалпына келтіруді қажет ететін қала бойынша талдау дайындауы тиіс. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды, өйткені жыл сайын жағдай нашарлай береді.
Депутаттар қалада дендрожоспар жоқ екеніне көз жеткізді, көгалдандыру жүріп жатыр, ал жоспар жоқ. Сондықтан депутаттар кәріз желілеріне талдау жүргізуді талап етеді. ЭкоСистем компаниясы сол жағалауды зерттеуі керек, 70-80% қалдықпен толтырылған учаскелер бар, егер оны тазартылатын болса, проблеманың жартысы шешілетін болады.
Алдымен қандай мәселелерді шешу керектігін көрсететін картаны дайындау керек.
Депутаттар бұл мәселені кешенді шешуді ұсынады, егер Астана Су Арнасы қандай да бір ұсыныстар берсе, оларды орындау қажет.