Елордалық "BINOM" мектептерінде жұмыс істегісі келетін педагогтар республикалық іріктеуден өтуі тиіс
14.04.2021
Елордалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар "BI Group" компаниясына республикалық конкурстан өткен педагогтарды "BINOM" мектебін жұмысқа қабылдауды тапсырды. Осылайша, олар қала мектептерінен білікті кадрлардың кетуіне жол бермейді деп санайды. "BINOM" 4 мектебі МЖӘ тетігі бойынша салынады, олардың әрқайсысы 2 мың оқушы орнына есептелген. Бүгінде елордалық мектептердегі орын саны 1200-ден аспайды. Мектептер барлық қажетті компьютерлік жабдықтармен, зертханалармен, жиһаздармен жарақтандырылатын болады. Бұл шығындарды, сондай-ақ оқушылардың тамақтануына, педагогикалық ұжымның жалақысына жұмсалатын шығындарды инвестор өз мойнына алады.
"Жаңа мектептерді білікті педагогтардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін инвестор елордада оқытушылардың өткір жетіспеушілігін тудырмас үшін еліміздің барлық өңірлерінен жақсы мұғалімдерді тартуға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жаңа мектептердегі оқытушыларға арналған бос орындар мұғалімдерге арналған BILIM бірыңғай интернет-платформасында орналастырылған, бұл біздің республикамыздың 270 мың мұғалімінің ұсынысымен қамтуға мүмкіндік береді", - деді инвестор өкілі.
Жас мұғалімдерге ерекше көңіл бөлу қарастырылуда. Жаңа мектептерге қабылданған мұғалімдер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады, оларды "BI Group" компаниясы төлейді.
Бір ай ішінде мәслихат депутаттары білім, құрылыс басқармаларының, жеке инвестор өкілдерінің қатысуымен бірнеше жұмыс кеңесін өткізді. Жоба оқу орындарын салу және пайдалану құнын негіздеу бойынша нақтылау мен қаралымға төрт рет жіберілді. Құрылыс салушыға өткен жылы мемлекеттік сараптамамен бекітілген жобаның құнын төмендету тапсырылды.
Жаңа мектептер салу және пайдалану құнын негіздеуге ерекше назар аударылды. Мәслихат жанынан мектеп құрылысының сметалық құнын және пайдалануға арналған шығындар жоспарын егжей-тегжейлі зерделеу үшін жұмыс топтары құрылды. Инвестор және әкімдіктің жетекшілік ететін басқармалары құрылыс құнының мемлекеттік сараптамасын қоса алғанда, сараптамалық қорытындылар ұсынды. Сондай-ақ пайдалану бөлігінде әрбір қызметкердің жалақысын, әрбір баланың тамағына жұмсалатын шығындарды және мектеп ғимараттарының әрбір шаршы метрінің сервисінің құнын қадағалауға мүмкіндік беретін барлық есептеулер көрсетілді. Жүргізілген жұмыстар барысында жобаға арналған барлық шығындар тек қолданыстағы заңнамалық нормалар шеңберінде қалыптастырылғаны дәлелденді, инвестор мемлекеттік сараптама тарапынан бақылауға және пайдалану бөлігінде баға белгілеуге ашық қол жеткізуге байланысты ешқандай үстеме пайда ала алмайды. Мәслихат депутаттары мектептердің инклюзивтілігі мәселесіне басым назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі кез келген бала жаңа мектепте басқалармен тең дәрежеде еркін білім алуы үшін барлық қажетті шараларды көздеу ұсынылды. Жобаны әзірлеушілер барлық қажетті түзетулерді енгізуге кірісті, бұл қысқа мерзімде жобаның инклюзивтік көрсеткіштерін озық халықаралық стандарттарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.