Елордалық мәслихат депутаттары МЖӘ аясында іске асырылып жатқан жобалардың жұмысымен танысты
07.04.2021
"Каспий" спортты дамыту қорының спорт нысандарының басшылығы - параолимпиадалық жаттығу орталығы мен мұз кешені жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер санын 50%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары мемлекеттік–жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылған бірқатар нысандарды аралады. Олардың қатарында "Астана халықаралық университеті" ЖШС педагогикалық колледжі, 360 орындық "Abadan" балабақшасы, "Тарлан" мұз айдыны және параолимпиадалық жаттығу орталығы бар. Нысандардың әрқайсысында депутаттарға МЖӘ артықшылықтары, жетістіктері, кемшіліктері мен проблемалары туралы айтылды. Параолимпиялық орталықтың қызметі депутаттар мен журналистердің ерекше қызығушылығын тудырды. "Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бейімделген жаттығу залдарымен танысып, спорт нысандарының келушілерімен және Нұр-Сұлтан қаласының параспортсмендерімен кездесті. Қордың негізгі басым міндеттерінің бірі біздің нысандарымызда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Бүгінгі таңда параолимпиялық жаттығу орталығының барлық қызметкерлерінің 20%-ын мүгедектігі бар адамдар құрайды", - деп атап өтті қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.