ТЖД нысандарын елордалық мәслихат депутаттары аралады
26.03.2021
Кіреберіс жолдардың болмауы, өрт сөндіру бөлімдерінің жетіспеуі, тұрғын үйлер мен бизнес-орталықтардың аулаларында шлагбаумдар мен бетон блоктарының ретсіз орналасуы.
Елордалық Кеңес депутаттары кезекті көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Өткен жұмада депутаттар Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ Департаментінің бес нысанын, оның ішінде қаланың барлық бөліктерінде орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерін аралады. №5 МӨСБ-де депутаттарға барлық ТЖ департаменттерінің қызметкерлерін дайындауға арналған спорт кешенінің жұмысы көрсетілді. № 16 өрт сөндіру бөлімінде қызметтік үй-жайлардың ауданы қолданыстағы нормативтерге сәйкес келмейді, сондай-ақ ішкі электр желілерін ауыстыру талап етіледі деп айтылды. Барлық нысандарда осындай проблемалар аз болған жоқ. Депутаттар елордалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының таяудағы отырысында қаралатын барлық мәселелерді назарға алды.