Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
19.03.2021
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтайды!
Бұл мереке жаңарудың, адамдар мен табиғат бірлігінің, қоғам ынтымағының символы болып табылады. Дәстүр бойынша бұл күні ең маңызды оқиғалар өткізіліп, өткен жылдың қорытындысы жасалады.
Биылғы жылы Наурыз мейрамын мерекелеу біздің әрқайсымыз үшін ерекше мән мен мағынаға ие, өйткені біз оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атап өтеміз.
Осы мереке күні Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт және жақсылық тілеймін!
Біздің ортақ үйіміз, салт-дәстүріміздің жоғары рухы, өзара құрмет пен келісім өрлей берсін!
Көктем мерекесі әр үйге қарым-қатынас қуанышын, жайлылық пен өзара түсіністік әкелсін!»
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов