«Астанагенплан» ҒЗЖИ» ЖШС – не көшпелі кеңесі
12.03.2021
Елордалық мәслихат депутаттарын Реновация бағдарламасы аясында қала құрылысының тығыздалуымен, 2019-2023 жылдарға арналған елорда құрылысының кешенді жоспарымен таныстырды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті көшпелі отырысы «Астана генплан» ҒЗЖИ» ЖШС-де өтті, ол елорданың қала құрылысын реттеу мәселелері бойынша басты үйлестіруші орган болып табылады. Институт 20 жыл бойы өзінің алдына қойылған міндеттерді табысты орындап келеді. Депутаттарға елдің бас қаласы қалай және қандай бағыттарда дамитыны, қала тұрғындарын қандай өзгерістер күтетіні, қаланың шекаралары қандай екені жайлы айтылды. "Астанагенплан" басшылығы депутаттардың 2030 жылға дейін қаланың инженерлік, кәріз, сондай-ақ сумен жабдықтау желілерін дамыту қалай жүзеге асырылатыны туралы сұрақтарына жауап берді.
"Елорданы салу кезінде ең алдымен қала тұрғындарының пікірі мен мүдделерін ескеру қажет. Сонымен қатар, Бас жоспарды және елорданың қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы тұруы үшін қаланың инфрақұрылымын жайластыру жөніндегі шебер-жоспарын іске асыру міндеттері бірінші орында тұруы тиіс және оны мәслихат депутаттары қолдайды", - деп атап өтті елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.