Карантин кезеңінде мектептерде оқыту мәселесі бойынша Депутат күні
12.03.2021
№ 80 мектеп-гимназия базасында (Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 17/2 үй) коронавирустық инфекция кезеңінде мектептерде оқытуды ұйымдастыру мәселесі, проблемалары мен шешу жолдары бойынша Депутат күні өтті.
Негізгі мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ басшысының м.а. Шәкәрім Сейсенбай сөз сөйледі.
Ол іс-шараға қатысушыларды бүгінгі таңда елордада 193 512 оқушы контингенті бар 130 жалпы білім беретін мектеп бар екенінен хабардар етті, оның ішінде 94 - мемлекеттік (182 681), 32 - мемлекеттік емес (6 160), 4 - республикалық (1 РФММ, 3 НЗМ) – 4 671).
Үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында, қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты 34 472 дана компьютерлік техника сатып алынды (жергілікті бюджеттен - 8000, республикалық бюджеттен - 26 472 компьютер). Бұдан басқа, 22 600 бірлік роутер (айына 70 ГБ трафикпен) сатып алынды, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері: жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтамасыз етілді.
Бүкіл мектептерде оқыту барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады, мектепке кіре берісте дезинфекциялық туннельдер, қашықтықтарға арналған белгілер орнатылды, дезинфекциялық құралдар сатып алынды, кварцтау жүргізілуде.
Педагогтарды ерікті негізде вакциналау бойынша жұмыс жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған қызметкерлердің саны қызметкерлердің жалпы санынан 20% бөлігін құрайды.
Пандемия кезінде оқытушыларға жалақы толық көлемде төленеді, сонымен қатар кезекші сыныптарда сабақ өткізгені үшін қосымша ақы төленеді. Оқытушыларға жүктемесі ұлғаюына байланысты, жалақы жалпы жүктеме үшін төленеді.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысушыларға COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шараларды күшейту мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп пандемия кезінде жүйелі жұмыс және қауіпсіздік шараларын сақтау, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
Елордада COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу деңгейі республика бойынша нәтижелер аясында жаман емес. Алайда, 2021 жылы тексеру барысында 4 елордалық мектеп маска режимін бұзғаны, дезинфекциялық ерітінділерді дайындау кезіндегі бұзушылықтар, санитайзерлердің болмауы, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, қашықтықтарға арналған белгілердің болмауы және т. б. үшін 1 млн. теңге (18, 19, 21, 44) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Емханаларда 1-4 сыныптарда, 9-11 сыныптарда жұмыс істейтін педагогтарға вакцина кезексіз егіледі, іс-шара кесте бойынша өтеді және барлық педагогтар вакцина алады деген үміт бар.
Сондай-ақ, ол санитарлық бөлім қызметкерлері барлық нысандарды, соның ішінде білім беру нысандарын бақылайды және кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі департаменттің құзыретіне кірмейтінін атап өтті.
Мектептегі тамақтану мәселесі ашық күйінде қалып отыр, себебі мектептер де, мердігерлер де барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, тамақтандыру ұйымдастыруға дайын емес. Мердігерлер мұны мектептердің тұрақсыз жағдайына байланысты айтарлықтай шығынға ұшырайтынымен түсіндіреді, олар ашылып, жабылады, көбінесе азық-түлік бұзылып кетеді.
Депутаттар бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтып, уәкілетті орган, кейбір мектеп басшылары алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша бақылауды тиісті түрде ұйымдастырмағанын, бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінгенімен, іс-шараларды барлық мүдделі ұйымдар жүргізгенін атап өтті. Вакциналау қажеттілігі туралы мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізіледі.
Депутаттар мектеп басшыларына қатысты әкімшілік шараларды қолданудың жағдайды жақсартуға ықпалы, мектептерде желдетуді қамтамасыз ету жағдайы, мектептерде ауаның қайта айналымын реттеу сияқты мәселелерге көңіл бөлді.
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айжан Түгелбаева іс-шараға қатысушыларды жан басына қаржыландыруға сәйкес барлық қажетті қорғаныс құралдары сатып алынғанын хабарлады. Білім басқармасы жабдықтар сатып алуға өтінім берген жоқ.
№76 мектеп-лицейі директоры Сапура Тулекова мектеп директорлары атынан депутаттардан жұмысына байланысты 18.00-ге дейін емханаға бара алмайтын мектеп педагогтарын вакциналау процесін реттеуге көмек көрсетуді сұрады, өйткені емханалар 18.00-ге дейін жұмыс істейді және демалыс күндері жұмыс істемейді. Сондай-ақ, ол мұғалімдер арасында вакциналауды ұйымдастыру бойынша қосымша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қажет екенін атап өтті.
Тұрақты комиссияның төрайымы Алтыншаш Табулдина мектеп басшысының ұсынысын қолдап, емханаларда жұмыс күндері сағат 19-ға дейін және демалыс күндері педагогтарды вакциналауды ұйымдастыру мәселесі оң шешілуі мүмкін екенін айтты. Педагогтарды вакциналауға қатысты қосымша ақпараттандыру мәселесін карантин кезеңінде мектептерде тұрақты негізде болуы тиіс мектептердің медицина қызметкерлері ұйымдастыруы мүмкін. Отырыс нәтижелері бойынша, ескертулер мен ұсыныстар есебімен хаттама дайындалады және тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.