Елордалық мәслихат депутаттары "Сергек" жүйесінің жұмысымен және жаңалықтарымен танысты
11.03.2021
Елордалық мәслихат депутаттары "Нұр–Сұлтан қаласында фото бейне тіркеу және бейне аналитика аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану" жобасының жұмысымен танысты. Көшпелі кеңес "Көркемтелеком" ЖШС базасында өтті. Депутаттарға "Сергек" интеллектуалды бейнебақылау, талдау және болжау жүйесінің жұмысы көрсетілді. Бүгінгі таңда жүйе елордада, Өскемен, Атырау және Алматы қалаларында сәтті жұмыс істеуде. Жобаның басты міндеттерінің бірі, ең алдымен, қоғамдық және жол қауіпсіздігі болып табылады.
"Депутаттар қазақстандықтарды қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын, жақын арада қандай әзірлемелер ұсынылатынын, "Сергек" жүйесінің экономикалық тиімділігін сұрады", - деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.