Елордалық депутаттар газ компанияларын тексереді
11.03.2021
Құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында халықты газ тарату желісіне қосу мәселелері қаралды. Отырыс жұмысына үйлері газға қосылған елорда тұрғындары, сондай-ақ "ҚазТранс Газ Аймақ" өндірістік филиалының өкілі қатысты. Қала тұрғындары мердігерлік ұйымдардың жұмыс сапасының төмендігіне, жұмысты жүзеге асыратын фирмалар тізіміне қатысты қандай да бір ақпараттың жоқтығына, өтініштер алгоритмінің жоқтығына шағымданды. Сонымен қатар, газ саласы біздің елордамыз үшін жаңа болып табылады, ал жобаның өзі қала шеңберінен шығып, ұлттық болып табылады.
"Бүгінде мердігерлік газ компанияларының рейтингін жасау қажет, олардың тарапынан жосықсыз бәсекелестік бар. Елордалық мәслихат бұл мәселеде бастамашы болуға дайын. Сонымен қатар, жақын арада мердігерлердің, жауапты органдардың және қала тұрғындарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізу туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.