Қоғамдық кеңесте елорда бюджетіне еңгізілетін өзгерістер талқыланды
05.03.2021
Кезекті отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері «Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 553/77-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімінің жобасын талқылады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараевтың баяндамасынан көрініп тұрғандай, әлеуметтік салаға, білім беруге, денсаулық сақтауға қаржы қаражатын басым бағыттауды көздейтін бюджеттің шығыс бөлігі, табыс негізінде қалыптасады.
Алайда, талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларын кешенді шешу мәселесі. Осылайша, ипотерапия әдісімен балаларды оңалту үшін ат-спорт кешенін сатып алуға бөлінетін сома шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауды ұйымдастыру үшін көбірек инватакси сатып алуды, сондай-ақ оның базасында бейімделген спорттық-демалыс балалар алаңын салуды қарастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, қалада, әсіресе көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін газдандыру мәселесі өткір тұр. Талқылау қорытындысы бойынша бір ай мерзім ішінде газдандырумен қамтылған тұрғын үй алаптарында тұратын жылжымайтын мүлік иелері қатарындағы халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің санына егжей-тегжейлі талдау жүргізу, одан әрі оларға газға қосу үшін дотациялар бөлу ұсынылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізсін.
Қоғамдық кеңес мүшелері қаланың медициналық мекемелерін томографтармен қамтамасыз етуге алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, мемлекеттік медициналық мекемелерде көбінесе компоненттердің болмауына байланысты томографтар жұмыс істемейді. Осыған байланысты, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына екі томограф сатып алуға бөлінген сомада қолданыстағы томографтарды жөндеуге қаражат қарастыру ұсынылды.
Жалпы, жоғарыда аталған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімінің жобасы айтылған ескертулерді ескере отырып мақұлданды.