Қала бюджетін нақтылау бойынша кезектен тыс сессия
10.03.2021
Алтыншаш Табулдинаның төрағалығымен кезектен тыс сессия өтті.
Кезектен тыс сессия жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №553/77-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихаттың кезектен тыс сессиясының негізгі мәселесі бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Манқараев баяндады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу және қалалық ортаны жақсарту мақсатында қосымша қаражат бөлу көзделген.
Қ. Манқараев депутаттарға өз кірістерінің нақты жиналуын талдау өз кірістері бойынша 327 млрд. теңге жоспарын ұлғайту үшін резервтің бар екенін анықтады.
Бюджеттің шығыс бөлігі қала тұрғындары үшін осы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, қаржы қаражатын көбінесе әлеуметтік салаға, білім беруге, денсаулық сақтауға бағыттауды көздейді. Бюджетті нақтылау шеңберінде қаражат жеке секторды газдандыру проблемаларын шешуге, мерекелерге әлеуметтік төлемдер, Жеңістің 76 жылдығына ардагерлер мен мүгедектерге, Чернобыль АЭС апатын еске алу күніне 35 жыл толуына орай төлемдер, мүгедектердің жеке көмекшілерінің қызметтеріне, қосымша білім беруді дамытуға, кезекші сынып мұғалімдерінің еңбекақысына, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға бағытталатын болады. Жалпы, 186 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Жұмыспен қамту жол картасын, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін экономиканың нақты секторына қосымша қаржы бөлінетін болады.
2021 жылға нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 550 млрд.172,4 млн. теңгені құрайды.
Сөз соңында Қайсар Манқараев депутаттардан бюджетті алғашқы нақтылауды қолдауды сұрады.
Депутат Назгүл Мақжанова 005 «Инновациялық қызметті дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына 1 млрд. теңге қандай мақсаттарға бөлінетінін сұрады.
Депутаттың сұрағына әкімнің орынбасары Асқар Әмрин жауап берді. Оның айтуынша, барлық жер қатынастары мемлекеттік қызмет ретінде анықталады, жұмыс мерзімі 15-тен 30 күнге дейін. «Астанагенплан» ҒЗЖИ ЖШС базасында бас жоспарда бар барлық жер учаскелерін цифрландыру жүргізілуде. Әрбір жер учаскесінің өзінің кадастрлық нөмірі бар, жыл соңына дейін қаланың барлық жер учаскелерін цифрландыру жоспарлануда, іс жүзінде онымен жер қатынастары басқармасы мен сәулет басқармасы айналысады. Жұмыс бір жарым жыл бұрын басталды.
Депутат Владислав Сергеев Кирпичный кентінде тұратын үй иелерінің проблемаларына қатысты сұрақ қойды. Тұрғындар өз үйлеріне күрделі жөндеу жүргізе алмайды, өйткені олар сары аймақта орналасқан, бірақ әкімдік тағы 5-10 жыл бойы бұл үйлерді бұзу мәселелерімен айналыспайтыны белгілі. Тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жеке сектордағы тұрғын үйлерді газдандыру бойынша жеңілдіктер беру мәселесі шешілген жоқ, тұрғындар кейбір санаттар үшін тегін қосылу мәселесін шешуді сұрайды. Мәселе отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында мұқтаждар саны бойынша нақты деректердің жоқтығына тіреледі. Ақша бөлінеді, бірақ қажеттілікке жан-жақты талдау жасалмаған, сондықтан нақты көрініс жоқ.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина «Ардагерлер туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге, редакциялық түзетулерге сәйкес екі мәселе бойынша сөз сөйледі, «Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а. Сәкен Есеркепов Ономастикалық комиссияның ұсынысы бойынша депутаттарды «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» хабардар етті. Ол көрнекті қоғам қайраткерлері, жазушылар, Ұлы Отан соғысы батырлары және т.б. есімдері берілген 9 білім беру объектілерінің тізбесін ұсынды, сондай-ақ «Номад Сити Холл» МКҚК-ны «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» деп қайта атауды қолдауды сұрады.
«Астана қаласында балабақшаларды салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 19 мамырдағы №140/19-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы білім басқармасы басшысының м.а. Шәкәрім Сейсенбай сөз етті. Ол 1-тармақтағы «2018-2023 жылдар кезеңінде» деген сөздер мен цифрларды алып тастауды ұсынды, себебі өтемақы төлеу нысан іске қосылғаннан кейін ғана жүргізіледі, трансформаторлық шағын станция құрылысына қосымша шығыстарға байланысты 1688648570 теңге сомасын 2035174570 теңгеге өзгерту ұсынылды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Асылбек Есенбаев депутаттарды «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы», сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» хабардар етті.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына және Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерге байланысты қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина сөз сөйледі.
Жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Кенжебаев хабарлады.
Елордалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Қаналимов депутаттарға «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ құрылымының өзгеруі және кадрлық өзгерістерге байланысты «Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №364/45-VI «Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» ақпарат берді.
Кезектен тыс сессияның талқылауына шығарылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.