Ардақты аналар мен аяулы арулар!
05.03.2021
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған жері мен Отанына деген махаббатқа толы. Тіршілік атаулыға мағына, мән беріп, дүниені пәк қалпында ұстап тұрған арулардың жүрегіндегі сол ізгі сезімдер.
Нәзік жандар қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Қазір де елеміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар баршылық. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Қымбатты ханымдар!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!
Әрқашан үйлесімділік, жайлылық пен жақсылықтың ошағы болуды тілейміз!»
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов