Елордалық мәслихат депутаттары "Жағалау" шағын ауданындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады
01.03.2021
Бүгінгі таңда елордада 11 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олардың ішінде екі оқушылар сарайы, үш музыка мектебі, екі өнер мектебі, Балалар көркемсурет мектебі, Техникалық шығармашылық орталығы, "Шығыс" балалар-жасөспірімдер орталығы, Туризм және өлкетану балалар-жасөспірімдер орталығы, тағы 142 филиал қаланың жалпы білім беретін мектептерінде орналасқан.
Мысалы, № 90 мектеп-гимназиясында балаларды робототехника дағдыларына, домбыра ойнауға, шахмат ойнауға және т.б. үйретеді.
Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, кітапханаларды жабдықтау мәселесін шешу, балалардың жан-жақты дамуы үшін мәдениет, тарих, сондай-ақ түрлі тілдердегі кітаптарды қосу қажет.
"Бүгін депутаттық корпуспен "Жағалау" шағын ауданында орналасқан бірқатар білім беру нысандарын араладым. № 90 орта мектеп жанындағы "Шұғыла" Community centre, "Art Tumar" қолданбалы өнер орталығы, "Арқа Алан" балалар-жасөспірімдер орталығы балаларға робототехника дағдыларын, шахмат, ағылшын тілін, робототехника негіздерін, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, халық қолөнерін және т.б. үйретеді. Бүгінгі таңда үйірмелер мен секциялар оқытушыларының жалақысын арттыруға көп көңіл бөлу қажеттігін атап өттім. Қосымша білім тиісті түрде қаржыландырылуы керек. Сонымен қатар, кітапханаларды жабдықтау мәселесін шешу, мәдениет, тарих және басқа да тілдердегі кітаптарды қосу қажет екенін атап өттім", - деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.
Аралау соңында депутаттар "аспаздық студия" құзыреттілік орталығына барды, онда жақын арада қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенттері өндірістік практикадан өтеді. Мұнда біздің балаларға аспаздар мен кулинарлардың түрлі халықаралық конкурстарына дайындалуға көмектесетін жаңа жабдықтар орнатылған. Педагогтар мен студенттер өз жетістіктерін депутаттарға көрсетті. Молекулалық тағамдар, атап айтқанда азотты балмұздақ, қатысушылардың көңілінен шықты.