Елордалық мәслихат хатшысы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін бес жылдығымен құттықтады
24.02.2021
Бес жыл ішінде елорданың қоғамдық кеңесінің мүшелері көптеген кездесулер өткізіп, қаланың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты 500-ге жуық нормативтік құқықтық актілерді қарады. Кеңес құрамында көрнекті қоғам қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктердің, елдің саяси партияларының өкілдері, жұмыс тәжірибесі мол сарапшылар бар. Қоғамдық кеңес пайдалы жұмыс жүргізетін және қала үшін маңызды шешімдер қабылдауды талқылауға мүмкіндік беретін бірегей институт болып табылады.
"Кеңес құру дұрыс шешім болды және оның мүшелері маңызды жұмыс атқаруда. Бұл үлкен еңбек пен жауапкершілік. Алдағы жұмыс та тиімді болады деп үміттенеміз. Біз бірлескен жұмыс үшін әрдайым дайынбыз. Қалалық мәслихат атынан Қоғамдық кеңеске елордамыздың тұрғындарының игілігі үшін одан әрі қарай да жемісті жұмыс тілеймін", - деді өз сөзінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.