Қоғамдық кеңестер: билік пен халық арасында
24.02.2021
«Қоғамдық кеңес» атауының өзі айтып тұр: жұртшылық, яғни халық билікке халықты толғандыратын қандай да бір мәселені, проблеманы қалай жақсы, дұрыс, неғұрлым үнемді шешуге кеңес береді және Қоғамдық кеңестің қызметіндегі басты қағидасы: «зиян келтірме!».
Бес жылдық қызметтің қорытындысын шығара отырып, қоғамдық кеңестер өз орнын алды, елорда тұрғындарының құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуде жұмыс атқарады және пайдасын келтіреді. Қоғамдық кеңестің бес жылдығына арналған салтанатты іс-шарада оның төрағасы Сансызбай Есілов осы кезеңде жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді. 92 отырыста 432 мәселе, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын 409 нормативтік құқықтық актілер қаралды. Бұл қала бюджетіне және оның орындалуына, қала аумағында тіркелген салық ставкаларын, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді егізе отырып, карантин аймағын белгілеуге, Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылға арналған жұмыс орындарының квотасына және басқада қатысты нормативтік құқықтық актілер.
Бес жыл бойы Қоғамдық кеңестің отырыстарында қоғамдық денсаулық сақтау, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, активтер және мемлекеттік сатып алу, білім беру, құрылыс, дене шынықтыру және спорт, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.
Өз жұмысында Қоғамдық тыңдаулар, өткен бес жыл ішіндегі қоғамдық мониторинг сияқты нысандарды пайдалана отырып, келесі мәселелер талқыланды: "Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы" тұжырымдамасы; Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы; Нұр-Сұлтан қаласының шекарасында орналасқан тұрғын үй алаптарының жай-күйі мен даму перспективалары, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы мәселелер қаралды, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымы объектілерін дамыту, халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі және елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары. «Бюджетке қатысу», газдандыру жобаларын іске асыру барысы қоғамдық мониторингпен қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қолданылатын ережелер белсенді талқыланды.
Пандемия кезінде қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша, қоғамның пікірінің мониторингі негізінде Қоғамдық кеңес отырысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының және қаланың бас санитарлық дәрігерінің елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты тыңдалды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері гуманитарлық, ақпараттық көмек көрсетті, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен Болмау себептерін анықтау мақсатында қаланың дәріханаларына рейд жүргізуге бастамашылық жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің қала әкімімен кездесулері дәстүрге айналды, онда проблемалық мәселелер талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қала тұрғындарының өміріндегі проблемалық мәселелерді шешудегі жемісті өзара қарым-қатынас, қолдау, түсіністік, табысты ынтымақтастық үшін алғыс айтты.
Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне тиімді жұмыс істегені және қаланың өзекті мәселелерін шешуіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Қоғамдық кеңес мүшелеріне жемісті жұмысы үшін, билік пен азаматтық қоғам арасындағы кері байланысты қолдағаны үшін алғыс айтты. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атынан бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіре отырып, алғыс хаттар табыс етті.
Қалалық мәслихатның хатшысы Ерлан Каналимов өз сөзінде биліктің өкілді органы қала тұрғындарының проблемаларын шешуде бірлескен жұмысқа дайын екенін атап өтті. Мәслихат атынан Қоғамдық кеңес мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Одан әрі Қоғамдық кеңестің отырысы елорданың мемлекеттік мекемелері еңгізген мәселелерді талқылаумен жалғасты. Бұл коммуналдық қызмет көрсету ережесі, қаланың орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет көрсету ережесі, қаланың аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларына өзгерістер еңгізу, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күніне Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсетумәселелері және басқалар.