Елордалық мәслихат және К. Аденауэр атындағы қор ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында ынтымақтасатын болады
30.01.2021
Қ.Аденауэр атындағы Қордың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Йоханенес Раймен кездесуде Елорда мәслихаты мен Германия астанасының заң шығару жиналысының өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мейманды мәслихаттың жұмысы мен құрылымымен, тұрақты комиссиялардың жұмысымен және атқарушы билік пен қала тұрғындарымен өзара іс-қимыл қағидаттарымен таныстырды.
"Германияның ТКШ, экология, жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы кезінде технологияларды дамыту және т.б. мәселелеріндегі тәжірибесі бізге қызықты екенін атап өтті. Неміс тарапы қалалық даму саласындағы тәжірибені зерделеу үшін Германияның бірнеше қалаларының заң шығару жиналысына қатысуға шақырылды",- деді Ерлан Каналимов. Қазақстанда жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мәселелері Қордың Қазақстандағы өкілдігінің қызметінде маңызды орын алады, деп атап өтті Йоханнес Рай.
"2020 жылдың басында біз елорда мәслихаты делегациясының Германияға сапарын ұйымдастырдық. Бұл сапар азаматтарды жергілікті өзін - өзі басқару процесіне тарту мәселелерінен басқа, қаланың тұрақты дамуы, құрылымдық өзгерістер және экономиканы әртараптандыру тақырыптарына арналды", - деп атап өтті Йоханнес Рай.
Сонымен қатар, Қазақстандағы қор жұмысының басқа да басым бағыттары экология, саясат, энергетика, білім беру және журналистика мәселелері болып табылады. Біздің елімізде Қор 2007 жылдан бастап ҚР үкіметінің шақыруымен жұмыс істейді.