Азаматтарды мәслихат хатшысына қабылдауға жазу
26.01.2021
Азаматтарды мәслихат хатшысына қабылдауға жазуды қалалық мәслихат аппараты кеңсесінің қызметкері 55-54-83, 55-66-31 телефондары бойынша жүзеге асырады. Қызметкер өтініш берушінің деректерін және мәселенің қысқаша мазмұнын тіркейді, содан кейін келушілерді қабылдауды есепке алу карточкасы тіркеледі. Қабылдау кестесіне сәйкес мәслихат хатшысының қабылдау күндері әр бейсенбі күні сағат 16.00-де. Covid-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты азаматтарды қабылдау «Zoom» сервисінің бейнеконференция платформасында өтуде , бұл туралы өтініш беруші алдын ала хабардар етіледі. Қабылдау нәтижелері бойынша атқарушы органдарға сұрау салулар жіберіледі және азаматтардың өтініштері бақылауға алынады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берушілерге жауаптар жіберіледі.