Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды
15.01.2021
Жетінші сайланым депутаттардың бірауыздан шешімімен 38 жастағы Ерлан Каналимов астаналық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Басқару институтының, сондай-ақ Қазақстан-Ресей университетінің түлегі. Еңбек жолын Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің маманы болып бастады, әр жылдары Ішкі саясат басқармасын басқарды, елордада құрылған «Байқоңыр» ауданының алғашқы әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды. Соңғы атқарған қызметі - «Nur Otan» партиясының астаналық филиалдың төрағасының бірінші орынбасары.
«Депутаттың жетістігі - оның сайлаушыларын қалай естуге, талаптар, өтініштер мен тілектерді шешудің жолдарын іздеуге байланысты. Егер депутат тыңдауды білсе және адамға қалай көмектесуге болатынын анықтаса, онда сәттілік қамтамасыз етіледі. Біз, жаңа сайланған депутаттар, қала тұрғындарының үмітін ақтап, елорда өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынымызға сенімдімін», - деп бөлісті Ерлан Каналимов.
Бүгін төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды. Заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Талғат Нәрікбаев, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша - Нұрлан Көпешов, құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша - Батыр Котырев, ал әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша - Алтыншаш Табулдина сайланды.
«Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі болып бірауыздан Владимир Сергеев сайланды.
Айта кетейік, елорда мәслихатының құрамында 31 депутат бар, оның 26 - сы «Nur Otan» фракциясының мүшелері. Ең жас депутат Бақдәулет Жанділдаев 22 жаста.
Фото: Александр Куприенко