Мәслихат депутаттары мемлекеттік наградалармен марапатталды
14.12.2020
Бүгін, Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталғандардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары да болды. Елорда әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Республика алдындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, Қазақстан елордасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мәслихат депутаттарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Парасат" орденімен мәслихат хатшысының міндетін атқарушы, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мәжит Шайдаров және мәслихат депутаты, "Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы" ҚБ Президентінің кеңесшісі Саят Батпенов "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.