Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті
26.11.2020
Гүлнәр Данбаеваның төрағалығымен Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы «Zооm» бейнеконференцбайланыс платформасында өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы А. Есенбаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі шарттардың жобаларын келісу туралы мәселені баяндады.
А. Есенбаев тұрақты комиссиясының қарауына әлеуметтік нысандағы құрылыстарды салу үшін алынған 57 жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың тізбесін ұсынды: С189 көшесінің (жобалық атауы) бойында 600-800 орындық көпбейінді аурухана салу үшін; Тұран даңғылы мен
№ 24 көшесінің қиылысы ауданындағы мектептер; Сарыарқа даңғылы бойындағы көпірден Көктал тұрғын алабына дейінгі Есіл өзенінің арнасын реконструкциялаудың 5-ші кезегі, жағажай аймағы бар № 5 учаскесі; Ш. Қосшығұлұлы мен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешені; Ы. Алтынсарин мен И. Гете көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан абаттандыруға арналған аумақ; Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысында орналасқан кіріктірілген үй-жайы мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені; Ш. Құдайбердіұлы мен Манас даңғылының қиылысында орналасқан кіріктірілген үй-жайы мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені; В. Вишневский көшесі № 10 үйдің ауданында орналасқан құбыр қондырғысының құрылысы (УТ10); Ш. Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан №8 үйдің аумағын абаттандыру үшін иеліктен шығарылатын жер учаскелері.
Тұрақты комиссия отырысының төрайымы Гүлнәр Данбаева жер учаскелерінің иелерімен онлайн режимінде жиналыс өткізді.
Іс-шараға барлық жер учаскелері иелері қатысты, олар шартта көрсетілген сомамен таныс екендіктерін растады.
Тұрақты комиссия отырысын қорытындылай келе, Г. Данбаева тұрақты комиссия шарттардың жобаларын қалалық мәслихат сессиясына бекітуге жіберетіндігін айтты. Сессиядан кейін меншік иелері шарттар жасасып және жер учаскелері үшін ақшалай өтемақыларын ала алады.