Жастарды армияға шақыруды ұйымдастырудың барысы туралы
14.10.2020
Қалалық мәслихатта Қайырлы Тәукеннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы «Zооm» бейнеконференцбайланыс платформасында өтті.
Тұрақты комиссия 2019 жылғы 4 қазандағы «Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысының орындалуы туралы мәселені қарады.
Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Мұрат Берекполов коронавирус пандемиясымен байланысты азаматтарды әскерге шақырудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Ол депутаттарға азаматтарды 2020 жылға әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу нәтижелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне, сондай-ақ науқанның шақыруының тоқтатылуына байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы тапсырманы 51,2% орындады», – деді
М. Берекполов.
Әскери қызметке шақыруды дайындау және өткізу кезінде мүдделі аумақтық органдармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, нәтижесінде әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер уақытында және толық көлемде алынды, әскери қызметтен жалтарған адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тұрақты негізде жасына дейінгі жастағы азаматтар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әскерге шақыру тақырыбы бойынша материалдар, бейнероликтер мен жаңалықтар мақалалары жарияланды.
Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы 3142 әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізген медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын атап өтті.
Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының айтуынша: «мемлекеттік ұйымдардың кадр қызметтерін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін тіркеу, сондай-ақ қызметкерлер, медициналық және есепте тұрған жұмысшылар арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу талаптары тұрғысынан заңнаманың сақталуын тексеру жұмысына маңызды рөл жүктелді».
Төтенше жағдай кезінде қалада патрульде болған, санитарлық тазартумен айналысқан және бақылау-өткізу пункттерінде қызмет еткен мерзімді әскери қызметшілердің арнайы жиындары жарияланды.
Сонымен қатар, М.Берекполов тез арада шешуді қажет ететін проблемалық мәселелерге де тоқталды.
«Жалған мекенжай бойынша тіркелген әскерге шақырылушылардың көп саны шақыру комиссиясына келу туралы хабарлау кезінде қиындықтар туғызды. Сонымен бірге бөлінген құрал-жабдықтардың көлемі толыққанды іздеу жүргізу үшін жеткіліксіз болды, нәтижесінде шақыру комиссиясына тек 3142 шақырылушы келді.
Қазіргі уақытта аудандық шақыру медициналық комиссияларының екі құрамы ғана дәрігер мамандармен және орта медициналық мамандармен қамтылған. «Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандарында шақырылушылар орталықтарын орналастыру үшін ғимараттар бөлу қажет. Сондай-ақ, ғимарат пен қалалық жиналыс пунктінің аумағын Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және өткізу ережелерінің талаптарына сәйкестендіру қажет», – деп атап өтті
М. Берекполов.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы Руслан Бешеев депутаттарға қалалық жинау пунктіне есепке тіркеу жұмысшыларын бағыттауға, үш мезгіл тамақтануды ұйымдастыру үшін, 4 автокөлікті, Иманбаева, 16 көшесіндегі ғимаратты бөлуге 9 миллион теңге бөлінгені туралы, 010 бағдарламасы бойынша 260 млн.теңге (соның ішінде қызметкерлердің жалақысы, салықтар, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру, автокөліктерге арналған жанармай және т.б. үшін) бөлінгендігін хабарлады.
Депутаттар М.З. Шайдаров, Қ.К. Таукен, М.Е. Төлеутаев, Г.А. Данбаева уәкілетті органға, аудан әкімдерінің орынбасарларына Бас қолбасшының азаматтарды әскерге шақыру туралы бұйрығын орындамауға қатысты, мәселе бойынша мәслихаттың бұрын қабылдаған шешімдерін орындамауға байланысты, «Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандарының кадрларды қабылдау бөлмелері үшін жеке ғимараттар беруге қатысты шешілмеген мәселелерге байланысты, мерзімді әскери қызметшілерді іздеу үшін жеткілікті мөлшерде автокөліктермен қамтамасыз етілмеуі, жыл бойына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудың жүйелі тәсілінің болмауына қатысты сыни ескертулер жасады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Қайырлы Таукен мемлекеттік органдардың басшыларына барлық проблемалық мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар берілген ақпарат дайындауды ұсынды.
Тұрақты комиссияның отырысына елорда аудандары әкімдерінің орынбасарлары, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.