Елордалық мәслихат депутаттары мерейтой иелерін құттықтады
14.10.2020
Бүгін "Астана аqshamy" және "Вечерняя Астана" республикалық қоғамдық-саяси газеттерінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерейтойға арналған салтанатта Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров сөз сөйледі.
Қала әкімі құрамына "Астана аqshamy" және "Вечерняя Астана" газеттері кіретін елордалық «Elorda Agparat» агенттігін құттықтап, газет ұжымына жоғары кәсібилігі, объективтілігі және елімізде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы қоғамды ақпараттандырудағы жеделдігі үшін алғысын білдірді.
Мәслихат депутаттарының атынан Мәжит Шайдаров мерейтой иелеріне мәслихат қызметін жария етудегі көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, жаңа идеялар мен шығармашылық ниеттерді іске асыруда табыс тіледі.
"Астана аqshamy" және "Вечерняя Астана" газеттерінің бас редакторлары, сондай-ақ "Elorda Agparat" ЖШС директоры Жарқын Жұмаділов жауапты сөз сөйледі.